Железин ауданы ОКЖ-нің ауыл кітапханашыларына арналған оқыту курсы
«Заманауи кітапханашы» - бұл мәдениет қызметкері, блогер, психолог, үгітші, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, үлкен ақпараттық ағымда маңызды, қажеттісін таңдай алатын адам. Басқаша айтқанда-бұл ең алдымен өз мамандандыруындағы кәсіпқой, көпшіл, шығармашыл, ақпараттық дайын және әлемге ашық, командада жұмыс істей алатын және оқырмандар мен жалпы қоғам үшін пайдалы жобаларды жүзеге асыра алатын адам. Кітапханашы оқуға, дамуға деген тұрақты қажеттілікпен сипатталуы керек.
Жыл сайын кітапханашылардың жұмысына қойылатын талаптар артып келеді. Сонымен қатар, кітапханалардың кадрлық әлеуетін жаңа мамандармен жаңарту барысында кітапханаларға арнайы кітапханалық білімі жоқ, кәсіби білімге мұқтаж қызметкерлер келеді. Кітапхана ісінің негіздері, жаңа технологиялар бойынша кәсіби құзыреттілік пен білімнің жетіспеушілігі пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасына да әсер етеді. Осыған байланысты кітапханаға басқа салалардан келген кітапхана қызметкерлерін кәсіби қайта даярлау туралы мәселе туындайды.
Сондықтан осындай өзекті мәселелерге қатысты С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдістемелік қызметінің маңызды бағыттары айқындалып отыр, олар: қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, біліктілікті арттырудың жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу, ақпараттық технологияларды ілгерілету және дамыту, қызметкерлерді инновациялық процестерге бейімдеуге ықпал ететін инновациялық жобалар бойынша жұмыс жүргізу болып табылады.
Жыл сайын оқыту тақырыптары заман ағымына, білім алушылардың қажеттіліктері мен тілектеріне қарай жаңартылып отырады. 2021 жылдың басынан бастап Павлодар облысының аудандары мен қалаларының ОКЖ кітапханашылары «Жаңа уақыт – ауылдық кітапханаларды дамытудың жаңа кезеңі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
17 маусымда «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында БАҚ қатысуымен ауылдық кітапханашылардың кезекті оқыту курсы өтті. Бұл курсқа Железин ауданының ОКЖ кітапханалары қатысты. Оларға облыстық кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылып, «Қызыл алма» арт-кеңістігі, «Ынтымақтастық форма ретіндегі жүйелік жоба» атты CАNVA.COM бағдарлама көмегімен әлеуметтік желілерде афишалар мен анимациялар жасау Web – сынып шеберлігі, «Кітапханадағы көрме – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі» тренингтері мен шеберлік сыныптар өткізілді.