КӨП КҮТКЕН ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

2024 жылдың 13 мамырында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2009 жылдан бастап, соңғы жөндеуден бері шатыр өз мақсатын ақтады. Тек соңғы 4 жылда шатыры істен шыға бастады. Өткен жылы қаржылық мүмкіндік алдық. Ақша бөлінді. 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттар мен сараптамаларды әзірлеу процесі сәтті аяқталды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың арқасында кітапхананың төбесі жаңа тыныс алып, көптеген кітапхана келушілерінің игілігіне ұзақ өмір сүреді деп сенеміз. Алғысымыз шексіз!