Ұлттық домбыра күні
Қазақты қазақ ететін қасиеттің бірі – ұсталық. Ол қанмен келеді, тек қуалайды. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлы өнерімізді ұлтымыз қашан да ұлықтаған. Өйткені, қолөнершілік ешқашан өшпейтін өлшеусіз өнер.
Осы бір киелі өнерді жанына серік еткен Қайдаров Сартай-аға. Бүгінде жасы – жетпістен асқан ағамыз ұсталықты осыдан төрт жыл бұрын бастапты. Ұсталық болғанда да, жай бір дүние емес – кәдімгі қазақтың қара домбырасын жасаудың шебері.
Қадірлі оқырмандар, Сіздерді Ұлттық домыбра күнімен құттықтай отырып, өңіріміздің өнер адамдарына арналған жаңа PavlodART подкаст-арнасының бірінші шығарылымымен @pavlodarounb сілтеме арқылы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың YouTube арнасында танысуға шақырамыз! Домбыра жасаудың қыр-сырымен Сартай ағамыз бөліседі.
https://youtu.be/TRq-TK3HR1Q