Dombyra party

3 шілдеде облыстық кітапханада халық қазақ өнерінің мұрасымен танысу, жастардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру және ұлттық қазақ музыкалық аспабын танымал ету мақсатында жастар шығармашылық орталығы «Dombyra party» музыкалық сағатын өткізді. Іс-шара Ұлттық домбыра күнін мерекелеу аясында өтті.

Іс-шараға ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің оқушылары шақырылды. Қонақтар талантты павлодарлықтардың орындауындағы белгілі қазақ композиторларының күйлері мен әндерін тыңдады. "Адай", "Әлкисса", "Балбырауын", "Ерке сылқым", Ахмет Байтұрсыновтың "Айда былпым" күйлері және т.б. көрнекті туындылар шырқалды.

Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы Бейсенов Арсен Жеңісұлы және сол кафедраның 2 курс студенті Исадилов Арман, Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра ұжымының тәрбиеленушілері Ақажан Кәусар және Ақитов Дияр, №1 музыка мектебінің оқушысы Ақсақов Ескендір, сондай-ақ Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының режиссері Садықов Жангелді және күйші Әубәкіров Асхат белсенді қатысты. Олардың барлығы С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.