«Домовёнок Кузька и его друзья» ойын-сауығы
25 қаңтар күні балалар әдебиеті бөлімінде суретші, белгілі балалар жазушысы Т.А. Александрованың 90-жылдығына арналған «Кітапқұмарлар» клубының отырысы өтті. Клуб қонақтары - №15 ЖОББМ бірінші сынып оқушылары үй кезуші Кузька туралы ертегі авторының кітаптар топтамасымен танысып, викторина сұрақтарына жауап берді, мультфильмдерді тамашалады. Үй кезуші шеберлік сабағының басты кейіпкері атанды – балалар қағаздан аппликация жасап, оны сый ретінде алды.