«Достояние души» атты әдеби-көркем жоба
Құрметті достар!
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 30 кітап оқуды ұсынды. Таңдалған кітаптардың бірі біздің жерлесіміз Бақытжан Қанапияновтың «Достояние души» атты өлеңдер жинағы болды.
Бақытжан Мұсаханұлы Қанапиянов - қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежиссер, әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2020), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ және орыс ПЕН-клубтарының мүшесі, Қазақстан және Орталық Азия әдебиеттерінің өкілдері болып табылатын Еуропалық әдебиетшілер Конгресінің (Прага) Басқарма мүшесі. Қырым әдебиет академиясының академигі, «Литературная Азия» және «Литературная Алма-Ата» әдеби альманахтарының бас редакторы, ТМД және Балтық Кинематографистер одағының мүшесі, әр жылдары Қазақстан Кинематографистер одағы басқармасының хатшысы, Қазақстанның кітап шығарушылар және кітап таратушылар қауымдастығының вице-президенті болып сайланды.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесе отырып, «Достояние души» атты жаңа әдеби-көркем жобасын іске қосты. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға көркемсурет мектебінің оқушысы Маликова Фаиннаның суретін ұсынғымыз келеді. Фаинна 13 жаста, ол Павлодар қ. №9 ЖОМ-гимназиясында оқиды. Ол Б.Қанапьяновтың «Плывут облака» өлеңіне өз иллюстрациясын салды.