Экологиялық викториналық ойын: «Бұл Жер - сенікі және менікі»

14 ақпанда облыстық кітапханада кезекті экологиялық дәріс отырысы өтіп, №11 орта мектептің 8-сынып оқушылары шақырылды.

«Экология және туризм балалар-жас өспірімдер орталығының» қосымша білім беру педагогы Бойко Анастасия Михайловна «Бұл жер - сенікі және менікі» атты викториналық ойын өткізді.

Экологиялық ойын балаларға өз білімдерін көрсетуге, табиғатты қорғау және экология тақырыптары бойынша көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Оқушылар мұғалімнің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, викторинаға белсене қатысты.