«Природа - дом, где мы живем» атты экологиялық сағат
10 мамыр күні облыстық кітапханада экологиялық лекторийдің отырысы өтті. Экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығының оқытушысы Н.Е.Тлеубалдинов «Природа - дом, где мы живем» тақырыбында дәріс оқыды. Нұрболат Ерікұлы Кенжекөл орта мектебінің оқушыларымен диалог түрінде адамның табиғатқа деген қарым-қатынасы, қоршаған дүниені қорғай білу туралы әңгіме өрбітті. Оқушылар пікірталасқа бар ынталарымен қатысып, викторина сұрақтарына белсенді жауап берді.