«Пайдалы және зиянды өнімдер» атты экологиялық сағат
15 маусым күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Пайдалы және зиянды өнімдер» атты экологиялық сағат өтті. Салауатты өмір салтының негізгі тақырыптарының бірі – дұрыс тамақтану.
Балалар «Мақал-мәтел жинап көр!», «Жарнама және теріс жарнама» сайыстарына белсене қатысты. Пайдалы тағамнан ас мәзірі «Мектеп оқушысының дұрыс тамақтануы» атты пікірталас өтті, экологиялық сағаттың соңында балалар витаминдер туралы мағлұматтар тыңдап, өлеңдер оқыды және валеология және салауатты өмір салты туралы кітаптармен танысты.