«Табиғатты қорғаңыз» атты экологиялық дәріс
5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні Павлодар облысы экология департаменті жанындағы «Адалдық аланы» жобалау кеңсесінің жетекшісі Марина Алексеевна Регатуновамен «Табиғатты қорғаңыз» атты экологиялық дәріс өтті. Дәріс барысында аймақтың экологиялық жағдайы, ірі өнеркәсіп зауыттарының шығарындыларын сағат сайын көруге мүмкіндік беретін «АIR KZ» жаңа мобильді қосымшасы, сондай-ақ, облыстың экологиясын тұрақтандыруға сіңірген әрбір тұрғынның жеке үлесі мен еңбегі жарияланды.