«Кітаптың өзі бір әлем» атты кітап сақтау қорына экскурсия
Бүгін біздің оқырмандарымыздың кітапханамыздың киелі орны – кітап сақтау қорына өтуге мүмкіндігі болды.
Онда 500 мыңға жуық түрлі томдар мен басылымдар жинақталған, олар өткеннен сыр шертетін аңыздар, жұмбақтар, әдебиет классикасы, жаңа кітаптар, комикстер және т.б.
Экскурсияға қатысушылар кітап лабиринттерін аралап, кітап кейіпкерлерімен танысты, ең көне кітаптарды, ең кішкентай кітапты көрді, көптеген жаңа және қызықты мәліметтермен танысты. Экскурсия барысында сұрақтар қойылды, дұрыс жауаптар үшін ең белсенділері шағын сыйлықтарға ие болды.