ЕЛ СҮЙСІНГЕН ЕНЕ МЕН КЕЛІН

31 қаңтар күні кітапханада «Айтолқын» жобасы аясында  отбасы құндылығы, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты, сыйластықты жастарға үлгі-өнеге көрсету   мақсатында «Ел сүйсінген ене мен келін» атты сыр – сұхбат өтті.

Құрметті қонақтарымыз «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шолпан Ыскаққызы және өнегелі келіні Макина Анара, ардақты ана Бақытжан Тасымханқызы және бір шаңырақтың ұйытқысы болып отырған инабатты келіні Жанагүл өскелен ұрпаққа өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Сұхбат барысында  Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері қонақтарымызға сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Шанырақтың берекесін молайтып, мерекесін келтіретін енелер мен келіндерге қызықты ойындар жүргізілді.

Аяулы аналарымыздың құрметіне Садыков Жангельді «Ана мен қыз» әнің орындады.

Отбасының ұйтқысы ене мен келін арасындағы бірлік- береке, татулық туралы әңгіме өрбіді.

Шара соныңда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Баянқызы қонақтарымызды алғыс хаттармен марапаттады.