Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Нұрсұлтан Әбішұлы жұқпалы дертке қатысты елді сабырға шақырып, жұдырықша жұмыла күш біріктіруді тапсырды. Елбасы ілгеріде Арыс қаласында болған апатты жағдайды мысалға келтіре отырып, береке мен бірліктің арқасында мына жағдайдан да шыға алатынымызға сенім білдірді. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана ұжымы Тұңғыш Президентіміздің үндеуін қолдайды. Қадірменді жерлестер! Қиын-қыстау сәттерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбірлік танытайық. Біз біргеміз!