Елбасы Жолдауын талқылау
29 қараша күні облыстық кітапханада Павлодар облысы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкерлеріне арналған Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы бойынша отырыс өтті. Міндеттер талданып, ҚАЖК өз үлесін қоса алатын мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Халыққа Жолдауы – еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Жаһандық экономикалық дағдарыстың қалыптасқан жағдайында бұл жолдау өте өзекті және уақтылы.