«Электрондық каталогтың сапасын арттыру - қателерді талдау»

5 қазанда Облыстық кітапханада  Аққулы ауданы ОКЖ ауыл кітапханашылары үшін «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында «Электрондық каталогтың сапасын арттыру - қателерді талдау» тақырыпты тренинг-практикумы өтті. Практикумға қатысушылар «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» 7.1.-2003 мемлекеттік стандарты бойынша ақпараттық-библиографиялық материалдарды сипаттаудың ережесімен танысып, практикалық жұмыс жасады. Сонымен қатар Web-РАБИС бағдарламасында толық мәтінді деректер қорын жасау процесімен танысты. Практикада кітапханашылар библиографиялық сипаттау дағдыларын жетілдіріп, қателермен жұмыс жасады.