«Елорда – Тәуелсіз қазақстанның символы» кітап көрмесі
5 шілде күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада 6 шілде –Астана күніне орай «Елорда – Тәуелсіз қазақстанның символы» атты кітап көрмесі ашылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Болашақ ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көпшілік қауымға арналған көрме екі бөлімнен тұрады. «Мерейі асқақ Қазақстан»- бірінші бөлімінде бас шаһардың тарихы, өткені, осы күні мен болашағы жайлы, экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы туралы әдебиеттер жинақталған. «Шабытыма қанат берген - Елорда» атты екінші бөлімінде оқырмандарға көркем әдебиеттер ұсынылған.
Кітап көрмесін студенттер, оқырмандар танысты және оларға елордамыз туралы сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.