«Елі ардақтаған ақын» конференциясы
26 қыркүйеr күні «Тұлға. Кітап. Заман» жобасының аясында Ертіс аудандық орталық кітапханасы ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, «Ертіс нұры» аудандық газетінің негізін қалаушысы және бірінші редакторы Мүбарак Жаманбалиновтың 95 жылдығына арналған «Елі ардақтаған ақын» атты конференция ұйымдастырды.
Мүбарак Жаманбалинов ғұмырының жартысынан көбін Ертіс ауылында өткізді. Железин және Ақтоғай аудандары бойынша облыстық және өлкелік газеттердің жекеменшік тілшісі болып жұмыс істеді. Ақын балалар оқуына көп көңіл бөлді.
Шығармаларының басым көпшілігі балаларға арналған. Оның бірнеше өлеңдері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары мектеп оқулықтарында, «Батыр ұстаз» поэмасынан үзінді, сыныптан тыс оқуға арналған кітапқа енді. Мүбарак Кәрімұлы облыстағы айтыстардың белсенді ұйымдастырушыларының бірі болды, бірнеше рет ақындар сайысында қазылар алқасын басқарды.
Шара қонақтары-Ғалия Балтабай, Юрий Поминов, Назымбек Дүкенбай, Ғалымбек Жұматов, Нұрболат Әуталипов, Самат Маненов - белгілі жерлесіміз туралы естеліктерімен бөлісті.
«Елім деп соққан жүрегі» атты кітап көрмесіне ақынның шығармалары мен әдебиеттері қойылды. Шара қонақтары М. Жаманбалиновтың кітаптарының көшірмелерін алды.