«Энергияның альтернативті көздері»
21 ақпан күні облыстық кітапханада «Зеленая планета» экологиялық лекторийінің отырысы өтті. Кездесу барысында Павлодар облысы бойынша экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы М. Бектаева №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушыларына өз ведомствосы қызметінің негізгі бағыттары, өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс мониторингі туралы айтып, ауаның зиянды заттармен ластануы бойынша статистикалық мәліметтер мысалдарын келтірді.
«Формула успеха» қосымша білім беру орталығы директорының орынбасары А.В.Антонцев аудиторияның назарына Германия мен Қазақстан мысалында күн, жел және биогаз энергиясын пайдалану туралы «Энергияның альтернативті көздері» тақырыбындағы бейне-презентациясын ұсынды. Кітапхана қызметкерлері әдебиетке библиографиялық шолу жасады.