Еріктілер кітапханаға кітап сыйлады
Ағымдағы 2020 жылдың маңызды мерейтойларының ішінде Ұлы Жеңістің 75-жылдығын ерекше атап өтуге болады. Отан үшін от кешкен майдангерлер сапында Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Кітапхананың кітап қоры сол ызғарлы соғыстағы батырлардың ерлігін баяндайтын тағы бір басылыммен толықты.
ИнЕУ жоғары колледжінің жанынан құрылған еріктілер қозғалысы өкілдері жазушы Лайла Ахметованың «Панфиловцы: наша гордость, наша слава» атты кітабын кітапхана қорына сыйға тартты. Аталған кітапта Ресей, Қазақстан, Қырғызстан елінен архивтерінен жинақталған құнды материалдар, сондай-ақ, жарияланған немесе бұрын соңды баспа бетін көрмеген жауынгерлердің естеліктері, панфиловшылардың ұрпақтарының отбасылық мұрағаттағы суреттері т.б. жинақталған.