«Ертегілер деген ғаламат» ертегілерге негізделген әдеби байқау
17 сәуір күні «Облыстық арнайы орта білім беру мектеп - интернаты» ММ - де «Ертегілер деген ғаламат» атты ертегілерге негізделген әдеби байқау өтті.
Мақсаты: қазақ ертегілерін және аңыздарын оқуға қызығушылық туғызу, көркем оқу мен рельефті - нүктелік қаріппен сауатты жазу дағдыларын дамыту және нығайту. Шара барысында көру қабілеті нашар және көзі көрмейтін оқушылар Брайль қарпімен басып шығарылған ертегілерді оқыды, қазақ халық ауыз әдебиетінің мысалдарымен танысты. Балалар әртүрлі байқауларға белсене қатысты.