«Ертеңгі кәсіби маманның құзыреттілігі. Кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі кітапхана» ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің кітапхана мамандарының қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар
18 мамырда ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің кітапхана мамандарының, оның ішінде С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қатысуымен «Ертеңгі кәсіби маманның құзыреттілігі. Кәсіптік бағдар беру жүйесіндегі кітапхана» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн семинар өтті. Семинарда «Ключевые компетенции XXI века. От чего зависят конкурентоспособность и профессиональная успешность молодого человека?», «Система подготовки библиотечных кадров в Казахстане», «Новые возможности подготовки библиотечных кадров в Кыргызской Республике», «Волонтёрство как способ вовлечения в профессию», «Наставничество как неформальный процесс профессиональной адаптации библиотечного специалиста» және т.б. тақырыптар қарастырылды. Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанның мамандары кадр мәселелерін шешу жайлы өз ойларын ортаға салып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Ресей мемлекеттік жастар кітапханасы директорының орынбасары, Ресей кітапханалар қауымдастығының жастар секциясының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты М. Захаренко семинарды қорытындылап, өзекті қоғамдық сұраныспен анықталған кадрларды кәсіби даярлау мәселелері туралы айтты.
С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Ш. Шахметова «Успешные практики, эффективные формы и методы освоения навыков библиотечно-информационной деятельности» тақырыбында баяндама жасап, С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Павлодар облысы кітапханаларының әдістемелік орталығы ретінде жүргізіп жатқан кадрлық жұмысын атап өтті және «Кәсіби шеберлік мектебі» бағдарламасының табысты іске асырылуы, кадрлардың біліктілігін арттыру, дуальды оқыту жүйесі және тәлімгерлік туралы баяндады.