Облыстық кітапхана қоржынында тағы бір жеңіс
Жақында ғана мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында өткен «Рухани қазына-2020» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Биыл еліміздегі ахуалға байланысты үшінші рет ұйымдастырылып отырғанбұл республикалық сайыс онлайн режимінде өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұражай, кітапхана мен мәдени ойын-сауық мекемелерінен 259 өтініш түскен.
Нәтижесінде 50 аталым бойынша үздіктер анықталып, марапатталды. Сәйкесінше оларға , дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен табысталды. Жүлдегерлердің қатарында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімі басшысы Марал Аблайханқызы Таженова да бар. Ол жоғарыда атап өткен онлайн фестивальде «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Сонымен қатар, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.