«Наврузатон пируз бод» этно-кеші
2024 жылы 2028 наурызда «Павлодар облысының Ситораи Сомон Тәжік этномәдени орталығы» ҚБ-нің қатысуымен «Наврузатон пируз бод» этно-кеші өтті. Орталық төрағасы Гулов Хусейн Шомахмадович химиялық- механикалық колледжінің студенттерін тәжік тілінің тарихы мен дамуымен, халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен, Шығыстың ұлы ақындары Фирдоуси, Омар Хайам, Румидің лирикасымен, Тәжікстанда Наурыз мерекесін тойлау ережелерімен таныстырды.
«Наво» тобының орындауында «Ракс», «Бози», «Усул» әндері мен дәстүрлі тәжік ұлттық билері орындалды. «Мотивы восточной поэзии» атты әдебиеттерге шолу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.