ФИАЛКА ГҮЛІН ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДАУ
16 қазан күні облыстық кітапханада «Фиалочка» әуесқой-гүл өсірушілер клубының отырысы болып өтті. Клуб мүшелері жазғы демалыстан кейін жаңалықтарымен, пікірлерімен бөлісіп, фиалка гүлін қыс мезгіліне дайындау тақырыбын талқылады. Гүл өсіруші Е.В. Асеева аурушаң гүлдерді күтіп-баптау бойынша практикалық сабақ және шеберлік класын өткізді.
Кітапхана қызметкерлерімен бөлме гүлдерінің шағын көрмесі ұйымдастырылды. Клуб мүшелері «Кітапхана түні» атты іс-шараға әдемі гүлдейтін бөлме гүлдерін таңдауға белсене атсалысты.