«Фиалочка» клубының отырысы: «Көктемде бөлме өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу»
21 мамыр күні облыстық кітапханада «Фиалочка» әуесқой гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. Талқылау үшін «Көктемде бөлме өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу» тақырыбы таңдалды. Гүл өсіруші Елена Асеева ауру өсімдіктерді қалпына келтіру, ересек гүлдер мен өсінділерді қайта отырғызу, сапалы топырақ таңдау, дұрыс жарықтандыру және қалыпты суару сияқты гүлсидамдарды алу үшін оңтайлы жағдайды қалыптастыру бойынша шеберлік сыныбын және тәжірибелік сабақ өткізді.
Мысал ретінде үй топтамасынан өсімдіктердің тексерілген сорттары мен жаңалықтары ұсынылды: бұл Мәскеудегі «Дома фиалок» көрмесінде жүлдеге ие болған «Мелодия дождя» атты шегіргүл, «РМ-Волшебное Рождество», «Красный тюльпан», «Эстель», «Рапсодия-Кора». Гүл өсірушілер үшін жаңа әдебиеттер бойынша тақырыптық шолу дайындалды.