«Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты мәдениет форумы
Үстіміздегі жылдың 27-28 мамыры күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты мәдениет форумы өтті. Аталған форумға кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Айнагүл Жылқыбекова қатысты.
Форумның бірінші күні музыка және театр өнері, кино өндірісі, кітапхана және мұражай ісі саласындағы ағымдағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша панельдік сессиялар, сондай-ақ бірқатар концерттік бағдарламалар мен көрмелер өтті.
ҚР Ұлттық кітапханасында «Әдеби өзара әрекеттестіктің жаңа форматы: кітапханалар, жазушылар және оқитын ұлт кітапханалық» секциясы өтті. Секцияда ҚР ҰК басшысы Б.К. Оспанова, Мәдениет комитетінің мұражайлар мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А. Пазылова, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана директорының м.а. (Нұрсұлтан қаласы) Н.Н. Жолдыбалинов, республикалық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана басшысы А.К. Байузаков, Гиннестің рекордтар кітабына енген Қазақстанның жас жазушысы И. Юсупжанов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе ОӘҒК директорының орынбасары Т.Б. Тлеулесов, А. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан ОӘҒК директорының орынбасары Ж.С. Сақпанова, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.А. Жилкибекова сөз сөйледі. Қатысушылар дөңгелек үстел барысында Қазақстан кітапханаларындағы өзекті мәселелер талқылап, өзара пікір алмасты.
Ал форумның екінші күні яғни 28 мамырда қорытынды отырыс өтті. Форум бағдарламасы 28 мамырда қорытынды отырыс өткізумен аяқталды, оған көрнекті шығармашылық зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, соның ішінде белгілі киноактриса, Халықаралық Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Еслямова, кинорежиссер Ермек Тұрсынов, ақын Ұлықбек Есдәулетов, ақын, сценарист режиссер Бақыт Қайырбеков, продюсер Қанат Айтбаев, мәдениеттанушы Зира Наурызбаева және басқалар қатысты.
Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәдениет қызметкерлерінің күніне орай табыстаған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен бірқатар шығармашылық интеллигенция өкілдерін, мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында «И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы» МКҚК камералық хорының хормейстері Мадина Қайырбекқызы Жармұхамбетова да бар.