«Невошедшее» фотопрезентациясы
27 наурыз күні Татьяна Алексенконың «Дорогами «Воспоминаний»: Цветаевские места Италии» атты көрмесінің жабылу қарсаңына орай «Невошедшее» фотосуреттер тұсакесері өткізілді.
Татьяна Алексенко – фотожурналист, аудармашы (СӨП сарапшы-инспекторы), ҚР Журналистер Одағының мүшесі, FIAF (Италия фотографтар және фотоассоциациялар Федерациясы) мүшесі, және FISAR (Италия). 2014 жылдан бастап 2016 дейін – ALA қауымдастығының Президенті (AsoloArtFilmFestival – өнер туралы фильмдер фестивалінің ұйымдастырушысы). 2016 жылдан бастап – GhepArt мәдени қауымдастықтың Президенті.
Татьяна Алексенко сонымен қатар «Фотосурет – сөйлеуді дамыту құралы»-«Фотография как инструмент развития речи» атты әдістемелік құралдың авторы (итальян тілінде). Көптеген итальяндық, ресейлік және қазақстандық басылымдармен ынтымақтастық орнатқан. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Таиланд және т. б. көптеген ұжымдық және жеке көрмелердің, арт-жобалардың, биенналенің кураторы және қатысушысы. Сондай-ақ туған қаласының мәдени өмірінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген белсенді, “Орион” Павлодар фотоклубының мүшесі.
«Дорогами «Воспоминаний» фотосуреттер көрмесі орыс жазушысы Анастасия Цветаеваның Италия елінде болу тақырыбына арналды және оның “Естеліктер”-«Воспоминания» кітабына негізделген. Жұмыс барысында көрме көптеген өнер сүйер қауым мен бағалаушыларды қызықтырды, ұсынылған жұмыстардың авторына көптеген алғыс сөздер айтылды.
«Невошедшее» фотосуреттер тұсаукесерінде Татьяна Алексенконың көрмеге кірмеген жұмыстары ұсынылды.
Іс-шараның бастамашылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қолдауымен Славян мәдени орталығы және Анастасия Цветаеваның атындағы мұражай болды.