«Қазақ жерінің данышпаны»
14 сәуір күні облыстық кітапханада қазақ әдебиетінің классигі М.О. Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ жерінің данышпаны» атты шолу өтті.
Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, өз халқының даналығын, дәстүрлері мен шығармашылығын бойына сіңіріп өскен ойшыл, ғұлама ғалым. Жазушының өмірі мен шығармашылығы, оның негізгі шығармалары: «Еңлік-Кебек» пьесасы, басты роман – эпопеясы «Абай жолы» және т. б. туралы баяндалды.
Химия-механикалық колледжінің оқушылары викторина сұрақтарына белсенді жауап берді. Кітапхана залдары бойынша экскурсия өткізілді.