Халықаралық конференция қорытындыланды
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасында «Кітапхана - тарихи білім орталығы» халықаралық конференциясы аяқталды. Жиынның алғашқы күні кітап көрмесі, пленарлық отырыс, әр түрлі бағыттағы секциялар ұйымдастырылды. Шараның екінші күні қатысушылар шеберлік сағаттарына, треннингтерге қатысты.
Кітапханашылар мен музей қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибелерін арттыруға арналған шараға Қазақстан және Ресей елінің ғалымдары мен білікті мамандары дәріс берді.
«Желілік жоблар –өлкетану тақырыбындағы деректер қорын құру мен толықтыру әдістері ретінде», «Қолмен оқу тарихы», «кітапхана жұмысындағы бұлттық сервис», «Кітапхана жұмысында музей педагогикасының пайдалану» және тағы да басқа тақырыптарда ұйымдастырылған шараларға Ресей мен Моңғолиядан, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен ғалымдар мен кітапханашылар және басқа да мәдениет саласының мамандары қатысты. Айта кетерлігі, шараға қатысушылардың барлығы арнайы сертификаттарға ие болды.
Аталған халықаралық ірі шарада өңірлердегі өлкетанушылар жұмысының сапасын арттыру, кітапханалардың оқырмандарға заманауи бағытта қызмет көрсетуі, шекаралық ынтымақтастықты нығайту секілді өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ қатысушылар С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, экскурциялық саяхат жасады.
Екі күндік халықаралық конференцияға қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Моңғолия, Ресей және еліміздің барлық аймақтарынан халықаралық конференцияға қатысу үшін Ертіс-Баян жеріне келген барша қонақтарымызға сәт сапар тілейміз!