Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум
2021 жылы 7 желтоқсанда Павлодар облысы әкімдігі мен Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай форум өтті. Форумға облыс әкімінің орынбасары, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық өкілдер, облыс кітапханалары, БАҚ өкілдері және т. б. қатысты.
Форум модераторы Жанғазы Еркеғали Жұмабайұлы барлық қатысушыларды форум бағдарламасымен таныстырды. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Олег Крук құттықтау сөз сөйледі.
Форумда «Парасат жолы» өңірлік жоба үйлестірушісі С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова өз баяндамасында қоғамда парасаттылық қағидаттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын, және «Парасат жолы» жобасы аясында облыс кітапханаларында атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтті. Осы жоба аясында парасаттылық қағидаттарын насихаттауға өз үлестерін қосқан аудандық, ауылдық атқарушы органдар мүшелеріне, аудандық сот жүйе қызметкерлеріне, этно-мәдени бірлестіктерге, «Ардагер» клубына, қоғам белсенділеріне, жергілікті зиялы қауым өкілдеріне, Құрметті азаматтарға, жастарға алғысын білдірді.
Форум соңында ОКЖ кітапханаларының үздік қызметкерлеріне облыс әкімі атынан алғыс хаттар табыс етілді - Ә.Умарова Железин ауданы, Ә.Баязова Ертіс ауданы, М.Тлеубердинова Шарбакті ауданы, А. Бейсекова Май ауданы, Д.Табулова Аққулы ауданы, А.Нургалиева облыстык арнайы кітапхана басшысының орынбасары, Ж. Кажыбаева облыстык кітапхананың оқу залы бөлімінің басшысы.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуіне орай белсенді азаматтық ұстанымы және өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қосқан жеке үлесі үшін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Шолпан Шахметова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті Грамотамен марапатталды.