Пушкиннің өлең жолдарын оқимыз

Облыстық кітапханада ұлы ақын, әрі жазушы, орыс әдебиетінің классигі Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған «Пушкиннің өлең жолдарын оқимыз» атты кітап көрмесі ашылды.

Көрмеде кітапхананың сирек қорында жинақталған кітаптар ұсынылған. Оның ішінде ХХ ғасырдың басында шығарылған ұлы ақынның шығармалар жинағы, автордың жеке шығармалары, кітаптардың қазақ тіліндегі аудармалары, «Капитан қызы» (1947 ж.), «Боран» (1949 ж.), «Пугачевтың тарихы» (1956 ж.) басылымдары, көрнекті пушкинтанушылардың еңбектері ұсынылған, онда орыс әдебиеті классигінің өмірбаяны мен шығармашылығы егжей-тегжейлі және жан-жақты ашылады.

Көрмеде «Пушкин және Абай» атты ерекше бөлім бар. «Пушкин Абай. Созвучие звуков, чувств и мыслей» кітабында қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың үздік әдеби шығармалары, «Қарассөздер», Александр Пушкиннің және оның тамаша туындыларының аудармалары жинақталған. Пушкин мен Абайдың қуатты рухы, олардың жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін шығармашылығы әрқашан да өзекті әрі сұранысқа ие. Олардың шығармаларын оқи отырып, біз үнемі Пушкинді, Абайды жаңа қырынан танимыз, ал олар арқылы өзіміз жаңашылдықты үйренеміз.