«Індетпен шайқас шебінде» жылжымалы фотокөрме

6 қарашада облыстық кітапхананың «Айна» галереясында пандемиямен күрестегі дәрігерлердің ерлігіне арналған Ақсу қаласының жас фотосуретшілерінің «Індетпен шайқас шебінде» атты жылжымалы фотокөрмесі ашылды.

Еріктілер жылы жаңа әлеуметтік саясатты іске асырудың құрамдас бөліктерінің бірі, оның мәні мемлекеттің жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және қоғамның әл-ауқатын арттыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау. Еріктілер – елімізді жаңғыртудың қозғаушы күші, оны ары қарай іске асыру жас қазақстандықтардың бастамалары мен жігеріне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс.

Фотокөрменің мақсаты - фотосуреттерді шығармашылық қызмет түрі ретінде танымал ету. Жас авторлар күнделікті өмірде ерекше нәрсені іздеп табады. Көрмеде ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы ой тастайтын терең мағынаға ие және шебер орындалған туындылар.

Көрмеге 9 автордың 70 жұмысы қойылды. Авторлары: Кавказ әні және би ансамблінің хореографы Амренова Айша, волонтерлар Әлжанов Руслан мен Карагаева Анжелика, газеттің фототілшісі Жұмаділов Ернұр, жеке кәсіпкерлер Калюжная Светлана мен Лобков Сергей, Ақсу қаласы әкімдігі бөлімінің бас маманы Капанова Айзада Миратовна, «Бессмертный полк» сайтының модераторы Романов Анатолий, білім бөлімінің әдіскері Шамиданова Айгерим Игоревна.

Көрменің ашылуына Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Э.А. Темиргалиева, Ақсу қаласының Жастар бастамасын дамыту орталығының басшысы А.А. Қалиева, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.П. Солдаткина, Ақсу қалалық емхананың дәрігері А.М. Абылхасимова және фотографтар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.