«Елінің Нұры, Сұлтаны» ақпараттық сағат

28 қараша күні облыстық балалар әдебиеті бөлімінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елінің Нұры, Сұлтаны» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға музыкалық мектеп - интернатының 1-2–ші сыныбында оқитын оқушылар қатысты. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен саяси ахуалы жайлы, қазақ елінің Елбасы арқасында еркін ел және тәуелсіз Қазақстанға айналғанын айтып өтті. Сонымен қатар «Тұңғыш Президентіміздің өмірбаяны» атты бейнебаян көрсетіліп, ҚР Әнұраны шырқалды. Шараның соңында тақырыпқа байланысты әдебиеттер көрініс тапты.