«Балалар әлемі» инклюзивті фестивалі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға қарасты Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Балалар әлемі» атты инклюзивті фестиваль өтті. Іс-шара Павлодар облысының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Аталған оқу орталығында жыл сайын дәстүрлі түрде дәл осы күні балаларға арналған мерекелік шаралар өткізіледі. Биылғы мереке «Балалар жылын» қолдау мақсатында, ел Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған инклюзивті фестиваль ретінде ұйымдастырылды.
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының басшысы Шолпан Шахметова балаларды бүгінгі мерекемен арнайы құттықтады.
Фестивальдің арнайы қонақтары – №82 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың оқырмандары болды.
Фестиваль бағдарламасында «Ашық микрофон» таланттар шоуы ұйымдастырылды. Өнерлі балақайлар жұмбақтар шешіп, ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Ерекше талантымен көзге түскен балалар Алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ фестиваль аясында тактильді кітаптар жасау бойынша шеберлік сабағы, зияткерлік спорттық эстафета «Жазғы қызықтар», ұлттық ойындар алаңы.