«Кітап оқу мәдениеті және табысты адамдардың ұсыныстары»

Қазіргі таңда оқу мәдениеті белгілі бір деңгейде дағдарысты бастан кешуде деуімізге толық негіз бар. Олай дейтін себебіміз, кітапқа деген немқұрайлылық белең алуда.

Бұл мәселе бүкіл әлемді толғандыруда, сол себептен кітап оқуды қалпына келтіру мақсатында түрлі деңгейде жұмыстар да атқарылуда. Іске асырылған бағдарламалар мен жобалардың ішінде, қағаз жүзінде қалып қойғаны да, әлеуметтік маңызға ие болған нәтижелі тұстары да баршылық. Әрине, жалпыға бірдей топырақ шашпаймыз, ортамызда кітапқа серті берік оқырмандар да аз емес. Оларды жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен кітап оқудың жөні осы екен деп, мақсатсыз кітап парақтарын ақтару адасушылыққа апарары хақ.

Ғасырлар бойы кітап қоғамда өзінің белгілі бір функциясын ұстап тұрды. Ал оқу мәдениеті - адамның білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығарманың өн бойына еніп, түсіну, қабылдау қабілеттерін өздігінен игеруіне мүмкіндік туғызды. Осы орайда, сол заманда кітаппен жұмыс жасау дағдыларын толық жиынтығы болған деген тұжырымға келеміз.

Егер арнайы әдебиеттерді оқу кезінде оқырманның тек қана ұйымдастырушылық қабілеттері шыңдалатын болса, ал көркем әдебиетті, оның ішінде поэзиялық, прозалық шығармаларды оқығанда, оқыман жеке тұлға ретінде, эмоциялық жағынан толысады, автордың жазу стилінен шабыт алып, жалпы оқу процесінен ләззат алатын болады. Ал енді, керісінше көркемдік деңгейі жоқ шығарманы оқығанда адам тек сөздерді механикалық түрде жаттап алу қабілетінен әрі аспайды. Оған дәлел ретінде өз саласында жетістікке жеткен әйгілі тұлғалардың өмір тарихы айта аламыз. Олардың айтуынша, осындай дәрежеге жеткізген, әрине, кітапқа деген махаббат екен.

Дәл осылай, кітаптың арқасында жетістікке жетем десеңіз, парақтарға құр көз жүгірткенше, алдымен өз оқу бағытыңды айқындап алу маңызды екенін естен шығармағанымыз абзал.
Құрметті оқырман, бізден сіздерге тағы бір тосын сый! Жақын арада әлеуметтік желілелерімізде әлемге әйгілі және табысты адамдардың ұсыныстары мен бірқатар посттарын жариялай бастаймыз.

Мұнда тек қана кітаптардың тізімімен ғана шектелмейміз, сонымен қатар бейне кеңестер тиімді оқуды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар, оқудың артықшылықтары туралы беделді тұлғалардың дәйексөздері мен мәлімдемелерін ұсынамыз.

Бар қызық біздің парақшаларда! Әрдайым біздің оқиғалардан хабардар болыңыз!