Кітапханашылардың қорытынды кездесуі

23 желтоқсанда Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы М.Тауасқанның облыс кітапханашыларымен қорытынды кездесуі өтті.

Кездесуде облыстық кітапхана басшысы Ш.Шахметова өткен жылдың қорытындысы және облыс кітапханаларының 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндама жасады, ОӘҒК басшысының орынбасары Б.Байжанова «Қазақстан Республикасының «Кітапхана ісі» туралы заң жобасының бөлімдері бойынша түсініктеме берді. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы кітапхана басшысы Ж.Кенжебекова баяндады.

Ауылдық кітапханалардың проблемаларына көп көңіл бөлінді: жергілікті бюджеттен кітап қорларын, соның ішінде мемлекеттік тілде жинақтауға, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық жабдықтандыруының нашарлығы, ауылдық кітапханаларда Интернетке қосылу, кәсіби кітапхана кадрларының жеткіліксіздігі және АБИС СМАРТ-кітапхананы енгізу.

Ертіс ОКЖ басшысының м.а. А.Баязова, жас мамандар: А. Жұмаділова (Аққулы ауданы ОКЖ), Ж.Балташева (С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана) Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.