Кітап оқуды насихаттаудың үздік мотиватор-плакаты байқауы
27 желтоқсан күні балалар әдебиеті бөлімінде 15 қараша мен 23 желтоқсан күндері аралығында өткізілген кітап оқуды насихаттаудың үздік мотиватор-плакаты байқауының қорытындысы жарияланды. Байқаудың мақсаты – халықты көрнекі мәдениет құралдарының көмегімен кітап оқуға тарту, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды әдеби әлеуметтендіру. Байқауда орта мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары бақ сынады. Нәтижесінде Анна Гайдар топ жарып, 1 орынды иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Байқауға қатысушылардың жұмыстары балалар әдебиеті бөлімінде көрмеге қойылды.
Балалар бір – бірін жаңа жылмен құттықтап, өлеңдер оқыды, Анна Гайдар өзі жазған әндерді орындады.