Өлең қалай жазылады

23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында Марина Кисенкомен шығармашылық кездесу кеші болып өтті. Марина Кисенко - ақын, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің журналисі. Оның поэзиясы мен прозалық шығармалары облыстық баспасөзде жарияланды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық әдеби байқаудың қорытындысы бойынша оның өлеңдері «Первая книга» аталымы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінді. Іс-шараның «Өлеңдер қалай жазылады» тақырыбына сәйкес Марина өз шығармашылығы жөнінде, өлеңдерінің қалай жазылатыны, қазіргі қарым-қатынастардың қайшылықтары туралы, туған қаласының сұлулығына тәнті болған шығармаларын оқып, күнделікті өмірдің нәзік ирониясы мен философиясына толы ойларын айтып берді.