Қаламгердің туған күні
2 желтоқсанда Павлодарда алғаш рет журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығы бойынша әдеби диктант өтті.
Диктантты өткізуге с.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері бастамашы болды.
Қатысушылар, №4 және 25 мектеп оқушылары тәжірибелі педагогтар - "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақанбаева Сандігүл Ермұратқызы мен ардагер-педагог, орыс тілі оқытушысы Ковальчук Ольга Владимировнаның оқуымен білімдерін сынға салды.
Диктанттан кейін қатысушылар С.Баязитовтың "Қос тіл - қос қанат " және "Домбыра мен бесік"жинақтарынан өлеңдерін оқыды. Ақын Людмила Бевз, мәдениет қызметкері Татьяна Корешкова Сүлейменов аға туралы естеліктерімен бөлісті. Сүлеймен Баязитовтың кенже ұлы Мұхит акцияны ұйымдастырғаны үшін, әкесін еске алғаны үшін жиналғандарға алғыс айтты.
Диктант қорытындысы мен үздіктерді марапаттау 22 желтоқсанда өтеді.