«Қарияларға – жүрек жылуы / Согреем ладони, разгладим морщины» кеші
2 қазанда облыстық кітапхана қызметкерлері «Ардагер» мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік оңалту орталығында Даналық күніне арналған іс-шара өткізді. Шара музыкалық колледж студенттерімен бірлесіп өткізілді.
Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде әндер, аккордеон сүйемелдеуімен Абайдың әндері, домбырамен «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» шырқалды, абоненттік қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері үнді биін орындады. Көрермендер де шараға белсенді қатысты. Келушілер өткізілген ойындар мен викториналарға белсенді қатысты.