«Қазақ ауылы»
Қараңыздаршы, бүгінгі «Кітапхана-2019» мәдени-әлеуметтік кешіміздің өте сәнді, кең аумақты қамтыған, қазақтың ұлттық «Шашу» дәстүрімен ашылған қызықты алаңы және Соболева Айнұрдың жетекшілігіндегі Павлодар қызмет көрсету саласы колледж студенттері ұсынған «Көшпенділер» мен «Ұлттық қазақ киімі» топтамалары бар сән көрмесі көрсетілген «Қазақ ауылы» алаңы есептелетін шығар.
Қонақтарға, кешке қатысу және қазақтың ұлттық «Тоғыз құмалақ», «Асық ату», «Арқан тарту» ойындарын ойнап үйрену мүмкіндігі, лайықты марапат алу бұйырады.
Ақындар сайысына «Айтысқа» Павлодардың айтулы сөзге шеберлері - журналист, акын, аудармашы, журналистер Одағы мүшелері сыйлығының лауреаты Ш.Байгалы, биылғы жылы 70 жылдық мерей тойын атап өткен Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Б. Мұқажанов, «Желдірме» ақындар мектебінің мүшелері М.Байрон және Н.Бакир, жас ақын К.Башой - келушілерді қазақтың ауыз шығармашылығымен таныстырды және ұшқыр ойларымен, түрлі тақырыпта қарсыласына ерекше және нақты жауап беру шеберлігімен таң қалдырды. Айтыскерлерге ұлттық нақышта безендірілген, қазақтың ұлттық тағамына толы дастархан жайылған импровизацияланған киіз үй ұсынылды.
«Ұлттық қазына» халық қол өнері көрмесінде тек әдемілігі мен мамандардың авторлық жұмыстарының жоғары шеберлігіне тәнті болып қана қоймай, бір данада жасалған күміс, фетр, ағаш және ерекшк бұйымдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Мұндағы қонақтар: халық-қол өнер шебері, ЭКСПО-2017 халықаралық көрме сыйлығының иегері –Қылышбек Құрман тегі және фетрдан жасалған ерекше бұйымдар қол шебері Гүлнар Өнерхан. Өзінің қолымен тастардан жасаған бұйымдарын Раушан Смагулова, күмістен жасаған бұйымдарын- Бахытжан Оразалина ұсынды. Алаңды 300 ден астам адам тамашалады.