«Қазақ қара сөзінің құлжасы» әдеби - көркем композициясы
2019 жылғы 9 тамызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада сағ. 11.00-де «Кітап. Тұлға. Заман» жобасы аясында алаштың айбоз ақыны, жүйрік жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлын 130 жылдығына арналған «Қазақ қара сөзінің құлжасы» әдеби - көркем композициясы қойылды.
Ұйымдастырушылар: С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Май ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.
Ж. Аймауытов ХХ ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктеген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол заманның шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгерлердің бірі. Ол қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы және ұлт тәуелсіздігі үшін күресі идеясымен сусындап, әдеби шығармашылығын төңкеріс тұсында бастады да, оны Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары айрықша дамытып жетілдірді. Жазушының публицистикалық шығармалары сан-саналық тақырыптарды қамтумен, өткірлігімен, дәйектілігімен ерекшеленеді. Ж. Аймауытов «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, «Абайдан соңғы ақындар» т.б. мақалаларын жазған.
Бағдарламада: әдеби – музыкалық кеш, әдеби викторина, бейнефильм, «САХНАДА КІТАП» әдісі бойынша «Ақбілек» романынан театрланған үзінді қойылым. Бұл Май ауданының кітапханаларында қазақ классиктердің шығармаларын насихаттау барысында кітапханашылар мен оқырмандар қатысуымен кең таралған әдіс.