Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңындағы онлайн-кездесу

Тамыздың 27-де Zoom платформа арқылы «Ата заң- елдігімнің еңсесі» тақырып бойынша онлайн-кездесу өтті.

Шара меймандары- Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Чашина Бибігүл Асқарқызы, «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмаділ Данияр Айтпайұлы, Павлодар облысының Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы Еркенұлы Әділ. Олар Ата заңымыздың тарихы, ел дамуындағы рөлі, мемлекетті нығайтатын реформалары мен адам капиталының жаңа сапасы туралы өз ойларын ортаға салды.