Қазақстан Республикасының арнайы кітапханалары жас кітапханашылардың IV слёті
21-22 қыркүйек күндері Алматы қаласында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Арнайы кітапханалар және Байтұрсынұлы әлемі» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашылардың IV слеті өтті. Аталған жиынға С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының атынан ерекше қажеттілектері бар оқырмандарға арналған «Жанашыр» орталығының жас қызметкері Аубакирова Б. И. қатысты.
Слёт «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының рухани ұстазы»тақырыбындағы халықаралық конференциясының пленарлық отырысымен басталды. Конференция аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген кітапханашылар Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, зағип және нашар көретін оқырмандарға қызмет көрсету сласындағы жұмыс тәржибиесімен бөлісіп отырды.
Сонымен қатар «Қазақ халқының ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ахмет Байтұрсынұлының бедерлі-нүктелі форматта жазылған шығармалары енгізілді. Осы көрмеге қойылған басылымдардың арасында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының атынан бедерлі-нүктелі қаріпінде басып шығарылған А. Байтұрсынұлының «Өлеңдер жинағы» кітабы да қойылды. Бұл жинаққа ақынның «Оқуға шақыру», «Адамдық диқаншысы», «Екі шыбын» және «Анама хат» өлендері енгізілді. Сондай-ақ аталған кітаптың аудио нұсқасын QR код арқылы тыңдауға болады.
Слеттің екінші күні жас мамандар «Кітапхананың сандық жүйеге өтуі» тақырыбында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының орынбасары Н. Н. Жолдыбалиновтың семинар -тренингі және ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары К. Д. Авелбекова, А. К. Несипбаева өткізген «Мерзімді басылымдарға аналитикалық-библиографиялық сипаттама жасау» тақырыбында семинар-практикумға қатысты. Аталмыш шараны А Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. М. Фазылжанова «Қазақ әліпбиінің алғашқы авторы және ұлт мақтанышы» атты тақырыбында дөңгелек үстелмен қорытындылады.