«Қазақстанның Ата Заңы» атты ақпараттық сағат
28 тамыз күні «Самал» оңалту орталығында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Конституция күніне арналған «Қазақстанның Ата Заңы» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Шара барысында кітапханашылар қатысушыларды ҚР Конституциясында жазылған 9 тараумен таныстырып, еліміздегі әрбір азаматтарға берілген құқықтар мен бостандықтар туралы айтты.
Сондай-ақ «Самал» оңалту орталығының тәрбиеленушілері « Менің құқығым бар» тақырыбындағы викторинаға белсенді қатысып, өз білімдерін тексеріп алды.