Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне
27 тамызда Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде «Вехи становления казахстанской государственности» атты ақпарат сағаты өтті. Департамент қызметкерлеріне Қазақстанның заңнама тарихы бойынша ежелгі мемлекеттен бастап қазіргі Конституцияға дейін ақпарат берілді, «С чего начиналась Конституция» және «Интересные факты о Конституции» видеороликтары көрсетілді, тақырып бойынша әдеби шолу жасалды.