«Кітап оқимыз – кино көреміз» K+K марафоны
18 маусым күні Балалар әдебиеті бөлімінде «Кітап оқимыз – кино көреміз» атты K+K марафоны өтті.
Қазіргі әлемде кино өнері халықтардың тарихи танымында үлкен орын алады. Кез келген шығарманың экранизациясы әрқашанда екі автордың - кітап авторы мен фильмнің режиссері арасындағы диалог болып табылады. Марафон кезінде №39 мектеп жанындағы лагерь оқушылары өздері білетін классикалық кітаптар мен фильмдерді еске түсірді, сондай-ақ үлкен экранға шығуға дайындалып жатқан авторлардың жаңа туындыларымен танысты. Викторинаның көмегімен балалар экрандық кейіпкерлер туралы жаңа ақпаратпен танысып, «Сценарий жазу» ойыны арқылы өздерін сценарийші ретінде сезіну мүмкіндігін алды. Марафон 1953 жылы Халықаралық Венеция кинофестивалінде «Үздік балалар фильмі» сыйлығының иегері А. Гайдардың «Чук және Гек» (режиссер И.Лукинский) фильмінің көрсетілімімен аяқталды.
Іс-шара «Жазғы шығармашылық демалыс» Жазғы оқулары бағдарламасының шеңберінде өтті.