Кітап таныстырылымы өтті
Бүгін, яғни 5-ші сәуір күні жазушы, қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, «Тұнық тамшылар», «Біреуі бес парыздың қажыға бару», «Павлодар өңірі Ислам руханиятының тарихы», «Дана тұлға, дара ғимарат», «Жүректің көзі ашылса...», «Ақылға сәуле қонбаса...», «Жүректе қайрат болмаса...» секілді кітаптардың авторы Амантай қажы Тойшыбайұлының «Сәулең болса кеудеңде...» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының орынбасары Медет Тауасқан, Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы мен зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.
Жиын барысында қатысушылар өзіндік ой-пкірлерін білдіріп, жаңа кітаптың авторы қойылған сұрақтарға жауап берді.