Кітапханадағы «Күзгі handmade»
«Кітапхана түні» мәдени-әлеуметтік іс-шарасы аясында өндірістік әдебиет бөлімі «Күзгі handmade» атты алаңды ұйымдастырды.
Біздің клубтар «Мастерица», «Фиалочка» оның ішінде клуб мүшелері, Асеева Елена Владимировна, Попова Раиса Мингазисовна, Хлебникова Любовь Степановна, іс-шараға белсенді қатысты, сонымен қатар Павлодар ауылындағы оқырманымыз да Белая Ольга Павловна көпшілік назарына өз қолымен жасаған ерекше майшамдарын ұсынды, көрмеде көптеген әсемдік бұйымдар, тоқыма заттары да болды. Гүл өсіруші-әуесқой Сулейманова Газиза Тураровна залды түрлі гүлдермен, сәндік гүлдермен де безендіріп, оқырмандарға гүлдердің жаңа сұрыптарын ұсынды.