«Кітапханалық жоба шығармашылық идеяларды іске асыру формасы ретінде» «Кәсіби мектеп шеберлігі» шеңберіндегі онлайн-консультация
2021 жылдың 12 наурызында «Кәсіби мектеп шеберлігі» аясында «ZООM» платформасында облыстың қалалары мен аудандары ОКЖ әдіскерлері «Кітапханалық жоба шығармашылық идеяларды іске асыру формасы ретінде» онлайн консультациясы өтті. Облыстық кітапхана кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы А.Жилкибекова қатысушыларға кітапханалық жобаларды жасау және оларды жылжыту жайлы ұсыныстар айтты. Жобаның үлгісі, іске асыру кезеңдері, кітапханалық жобаның ерекшеліктері мен стратегиясы жайлы сөз қозғалды.
Ақтоғай және Ертіс аудандары ОКЖ әдіскерлері өздерінің өлкетанулық жобаларының тұсаукесерін жасады. Ақтоғай ОКЖ әдіскері Г.Мулюкова «Шығу тегінен – болашаққа дейін» / «От истоков - к будущему»/ өлкетану жобасын назарға ұсынып, ондағы шаралар, оларды іске асыру жайлы айтып берді.
Ертіс ОКЖ әдіскері А. Баязитова «Ертіс М.Жаманбалиновты оқиды» атты көпмерзімді жобамен таныстырды. Бұл жоба оқырмандар арасында үлкен марапатқа ие болып, қызығушылық тудыруда.
Конференцияның барлық қатысушылары өз ойларымен бөлісіп, жобаларды жүзеге асыру кезінде болып қалатын кездейсоқ жағдайларды талқылады, сонымен қатар, әдістемелік ұсыныстар берілді.